Мұнайлы аудандық мәслихатының

ресми интернет-ресурсы

22.11.2013

Мемлекеттік қызметтің жағымды имиджінің көтермелеуі

Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа байланысты өткен форумда мемлекеттiк қызметкерлер ұстанатын 8 этикалық норманы жұрт-шылыққа жария еттi.

Оларды қарапайым сөзбен түсiндiр-генде былай болып шығады:

1. Мемлекеттiк қызметкер билiктiң күшi мен өкiлеттiлiгiн дұрыс атқара отырып, әрдайым өзiнiң iсiне адал болғаны жөн.

2. Мемлекеттiк қызметте жүргендер  өзiнiң жағдайын ойламай, елдiң игiлiгi үшiн жұмыс iстеуi тиiс. Былайша айтқанда, мемлекеттiң қаржысын өзiнiң жеке қалтасымен шатастырып алмауы керек.

3. Шенеунiк “Қалай күнкөрiп отырсың?” деген сұрақтан қорықпауы тиiс. Егер өзiнiң тұрып жатқан зәулiм ғимараты туралы суреттер түсiрiле қалса, оған жауап беруден қашпауы керек. Яғни ол ылғи мемлекеттiк қызметте жүрiп, “Үйiнiң қор-шауы неге биiк?”, “Неге бiр отбасы 5 иномарка көлiгiмен қы-дырады?” деген сауалдарға өте қарапайым жауап табуы тиiс, егер жауап таба алмаса, қызметтен кетуi керек. 

4. Мемлекеттiк қызметкер заң талаптарына сәйкес өмiр сүруi керек. 

5. Ол кез келген жұмыста, кез келген лауазымдық орын-тақта отырып, халықтың, өз елiнiң азаматтарының сенiмiн ақтай бiлуi тиiс.

6. Қазақстанның мемлекеттiк қызметкерi әдiлдiктiң, қара-пайымдылықтың үлгiсi бола отырып, өзiн адамдардың арасында еркiн ұстағаны жөн.

7. Қазiргi таңда өзiнiң қол астындағы азаматтарға айқай-лап, ашу шақырып бастық болатын адам тез арада  қызме-тiмен қоштасуы керек. Шенеунiк ұжымға басшылық жасаудан бұрын өз қызметкерлерiнiң талабын орындап, бағынуды үйренгенi жөн.

8. Егер мемлекеттiң мүддесiне зиян келтiретiн жағдайды көрiп немесе сыбайластықты сезсе, дереу бұған араласып, тез арада шара қолдануы керек.


Депутаттық сауалдар

Барлық сауалдар

Шешім жобаларын талқылау

Қабылданған шешімдер

Сұрақ-жауап

барлық сауалдар

Қазақстан туралы фактілер

  • Национальной птицей Казахстана является "Золотой орел", в то время как Домбра является национальным инструментом.