Мұнайлы аудандық мәслихатының

ресми интернет-ресурсы

22.11.2013

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫ

30-бап. Аудандық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда, аудандық мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.

31-бап. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын аудандық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссияның төрағалары мүшелерін өз депутаттары арасынан аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санының жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы аудандық мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссияның төрағасы қызметіне кандидатты аудандық мәслихаттың хатшысы ұсынады.

депутатты тұрақты комиссияның құрамына енгізу үшін оның келісімі қажет.

аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына оның хатшысы сайлана алмайды.

тұрақты комиссиялардың мүшелері болып табылмайтын депутаттар, оның жұмысына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы.

32-бап. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.

аудандық мәслихат тұрақты комиссиясының отырысы ашық сипатта  өткізіледі. Комиссияның шешімімен отырыс жабық болуы да мүмкін.

аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзіретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты комиссиялардың қаулысы және қорытындысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.

егер комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.


Тіркелген файлдар:

Депутаттық сауалдар

Барлық сауалдар

Шешім жобаларын талқылау

Қабылданған шешімдер

Сұрақ-жауап

барлық сауалдар

Қазақстан туралы фактілер

  • В Казахстане сосредоточена примерно пятая часть мировых запасов урана, благодаря чему страна занимает 2-е место в мире по разведанным запасам урана после Австралии и 1 место по его добыче.