Мұнайлы аудандық мәслихатының

ресми интернет-ресурсы

22.11.2013

Мұнайлы аудандық мәслихатының Регламентіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1) 14-баптың 2 абзацындағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 26-баптың 6 абзацындағы «қаулы» деген сөз «шешім» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 51-баптағы «өкімі» деген сөз «шешімі»  деген сөзбен ауыстырылсын; 

3-1) 51-баптағы «төрағаларының бірі» деген сөздерден кейін «немесе мәслихат депутаты» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 53-баптың 2) тармақшасындағы «және аудандық мәслихаттың  жұмысын ұйымдастыруға байланысты  өзге де мәселелерді шешу» деген сөздер алынып тасталсын;

5) 53-баптың 4) тармақшасындағы «заңдарда» деген сөз  «Қазақстан Республикасы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 53-бап  мынадай редакциядағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын: «6-1) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды;»;

7) 53-баптың 8) тармақшасындағы «және» деген сөздерден кейін «қоршаған ортаны қорғау,» деген сөздермен толықтырылсын;

7-1) 53-баптың 8) тармақшасындағы «заңдарға» деген сөз  «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 53-баптың 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «9) Қазақстан Республикасының Үкiметi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымдары негiзiнде қалыптасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару схемасын аудан әкiмінiң ұсынысы бойынша бекiту;»;

9) 53-баптың 10) тармақшасындағы «және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау» деген сөздер алынып тасталсын;

10) 53-бап мынадай редакциядағы 10-1) тармақшасымен толықтырылсын: «10-1) жылу маусымына дайындық және оныөткiзу қағидаларын бекiту;»;

11) 53-баптың 12) тармақшасы алынып тасталсын;

12) 53-баптың 14) тармақшасы алынып тасталсын;

13) 53-бап мынадай редакциядағы 14-1) тармақшасымен толықтырылсын: «14-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;»;

14) 53-баптың 15) тармақшасы алынып тасталсын;

15) 53-баптың 16) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «16) жергiлiктi бюджеттiң, ауданды дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;»;

16) 53-бап мынадай редакциядағы 19-1) тармақшасымен толықтырылсын: «19-1)облыстың  әкiмдiгi әзiрлеген және ұсынған «Ауданның құрметтi азаматы» атағын беру қағидаларын бекiту;»;

17) 53-бап  мынадай редакциядағы 21-1) тармақшасымен толықтырылсын: «21-1)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.»;

18) 53-баптың 22) тармақшасы алынып тасталсын;

19) 54-бап мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «54-бап.  Аудандық мәслихаттың құзыретiне сонымен бiрге тиiстi ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) әкiмiнiң атқарылған жұмысы туралы есебiн қарау және аудан әкiмiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу жатады.»;

20) 55-бап алынып тасталсын;

21) регламентмынадай редакциядағы 55-1-баппен толықтырылсын: «55-1-бап. Аудандық  мәслихат облыстың тексеру комиссиясынан тиiстi аудан бюджетiнiң атқарылуы мәселелерi бойынша жүргiзiлген бақылау iс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.».


Тіркелген файлдар:

Депутаттық сауалдар

Барлық сауалдар

Шешім жобаларын талқылау

Қабылданған шешімдер

Сұрақ-жауап

барлық сауалдар

Қазақстан туралы фактілер

  • Знаменитая 372-метровая Алматинская телевизионная башня на Кок-Тюбе — один из своеобразных символов города Алма-Аты и самое высокое его строение. Если считать от уровня моря, то это самая высокая телебашня в мире. Высота башни над уровнем моря: 1452 м (вместе с горой Коктобе) Вес сооружения: 7 тысяч тонн. Сейсмоустойчивость: 10 баллов